Ыдысты зиянсыз сұйықтықпен жуыңыз

0
3 741

Ыдыс жууға арналған сұйықтықтың барлығы бірдей тиімді емес.


Ыдысты зиянсыз сұйықтықпен жуыңыз

Бұрындары апа әжелеріміз ыдысты таза күлмен, құммен, ыстық сумен жуып жататын. Ал қазір ыдыс жуатын арнайы сұйықтық, ас үйдің ажырамас бөлігіне айналған. Ыдыс жуатын сұйықтықты күнделікті пайдаланатын болғандықтан ол тек тиімді ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз болуы шарт. Қандай сұйықтық ағзаға зиянсыз екенін біле жүріңіздер.


Қол терісіне зиянсыз болуы

Қауіпсіздік шарттарының негізгісі – сұйықтық қол терісін тітіркендірмеуі тиіс. Бұл сұйықтық ыдысының сыртында фрмуламен көрсетіледі. Ыдыс жуатын сұйықтықтағы қышқыл мөлшері стандарт бойынша 3-11,5рН. Ал тері үшін қауіпсіз көрсеткіш 5,5-8 рН. Егер сұйықтық құрамындағы рН 8-ден жоғары болса, онда қолғап киіп жууға тура келеді.

Егер сұйықтық құрамында хлор және ауыр металдар болса, онда ол да қауіпті. Негізі бұл қоспалар ыдысты жақсы, таза етіп жууға жауап береді.

Ыдыс жууға арналған сұйықтық негізінен су мен белсенді заттардан, лимон қышқылынан тұрады. Бұлар майды кетіру үшін қажет. Ал өзге қоспалар хош иіс, қол терісін бүлдірмеу үшін қосылады.


Ыдыс жуатын сұйықтық құрамындағы ерекше қауіпті заттар:

  • Лимонен, гексилкоричті альдегид – бұлар астманы өршітіп жіберуі мүмкін
  • Катон, феноксиэтанол
  • Диэтаноламин – бауыр үшін қауіпті
  • Триклозан


Қолданыстағы ыдыс жуатын сұйықтықтардың оң және теріс тұстары

BioMio

Иіссіз, көкөніс пен жемістерден тұратын ыдыс жууға арналған сұйықтық. Жақсы көпіреді, балалардың ыдысын жууға болады, аллергия тудырмайды.

Оң тұсы: Майды, кірді кетіреді, жақсы көпіреді, канализацияға зияны жоқ.

Теріс жағы: Бағасы жоғары, сұйықтық сығатын жері үлкен, сондықтан үнемдеу қиын.


EcoSoda бальзамы

Тез еритін бұл бальзам балалар ыдыстарын жууға арналған. Сонымен бірге көкөністер мен жемістерді де жууға болады. Салқын суда да жақсы жуады. Балық пен пияздан қалған жағымсыз иісті алады.

Оң тұсы: Бағасы, хош иісі, ыдыста қалмайды.

Теріс жағы: Сапасы тұрақсыз (өндіруші орынға байланысты), тез таусылады, майлы ыдыстарды екі қайтара жууға тура келеді.


Pril ыдыс жуу сұйықтығы

Немістің атақты Henkel компаниясының өнімі. 95 пайыз табиғи қоспадан тұрады. Ыдысы қайта өңделеді.

Оң тұсы: Бағасы қолжетімді, иіссіз, бояусыз.

Теріс жағы: Сұйық болғандықтан үлкен шығын.


Fairy

Бұл сұйықтықты таныстырудың қажеті жоқ. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген өнімнің бірі. Ешқандай ароматизатор, бояуы жоқ.

Оң тұсы: Бағасы тиімді, майды жақсы алады.

Тиімсіз жағы: Тез таусылады, қол терісін құрғатып жібереді.


AOS бальзамы

Ыдыс жууға арналған қою, тиімділігі жоғары өнім. Кетуі қиын майлар бұл сұйықтық үшін түк емес.

Оң тұсы: Бағасы тиімді, үнемді, кірді жақсы кетіреді.

Теріс жағы: Өте қою, сондықтан жартысына барғанда құю қиындай түседі. Ыдыста иіс қалдырады.


Sorti сұйықтығы

Қымбат емес және үнемді сұйықтық. Кетуі қиын майларды жақсы жуады, тіпті салқын суда да. Құрамына кіретін алоэ экстраты қолды жақсы қорғайды. Ал теңіз тұзы суды жұмсартып, ыдыстың таза жуылу тиімділігін арттыра түседі.

Оң тұсы: Баға, хош иіс, жақсы көпіреді.

Теріс жағы: Сұйықтықтың иісі ыдыста ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан мұқият қайтара шайған дұрыс.


Ыдыс жуатын сұйықтықты зиянсыз етіп оп-оңай қолдан жасап алуға болады

Ол үшін балалар сабынының бір бөлігін үккіштен өткізіп, оған бір стақан су құйып, жақсылап араластырамыз. Содан соң оған жарты стақан сода мен тағы бір стақан су құямыз. Тағы да 2-3 минут араластырамыз. Консистенция біркелкі болу үшін оны миксермен араластыруға болады.

Ыдыс жуатын сұйықтың орнына макарон қайнатылған суды да пайдалануға болады. Әрине макарон қайнатылған судың түсі кір секілді көрінеді. Бірақ бұл тек көрініс. Шын мәнінде макарон суындағы крахмалдың тазартқыш қасиеті бар. Ол тәрелке мен ыдыстардағы кірді ерітіп жібереді. Ол үшін макарон суын ыдысқа құйып 4-5 минутқа қалдыру керек. Одан кейін тек ыдыстарды таза жылы сумен шайып алу керек.


Дереккөз: expert/dom. yborka.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


КИВИДІ үйде ӨСІРІП көріңіз


Үйді ЖӨНДЕУ кезінде ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕУГЕ болады