​Жуынатын бөлменің еденін таспен де жабындауға болады

0
3 235

Линолеум ылғалға төзімді болғандықтан оны жуынатын бөлмеге қоюға болады.


​Жуынатын бөлменің еденін таспен де жабындауға болады

Үй-тұрмыс айдарының өткен бөлімінде жуынатын бөлменің қабырғаларын кафелден өзге де материалдармен жабындауға болатыны, олардың оң тұстары кемшілігі туралы жазған болатынбыз. Бүгінгі ақпаратымызда жуынатын бөлменің едені жайлы, кафелден басқа үнемді нұсқалар жайында тоқталып өтсек...


ПВХ тақтайша

Поливинилхлоридті жабын – линолеум және ламинат секілді сапада. Ылғалға төзімді, күтімі мен орналастыру жұмыстары оңай жүргізіледі.

Кемшілігі: Табиғи ағаштан жасалған еденді жақсы көретіндерге ұнамауы мүмкін.


Линолеум

Линолеум ылғалға төзімді болғандықтан оны жуынатын бөлмеге қоюға болады. Қазіргі кезде линолеумның беткі қабаты ағаш немесе тас секілді суреттермен бейнеленген. Бағасы арзан түседі.

Кемшілігі: Қатты, өткір заттар бетін сыруы мүмкін. Ал бүлінген жер қалпына келмейді, оны толықтай ауыстыру керек болады.


Терраццо

Тераццо – мозайкалы тас, жұмыр тас және шыныдан тұратын жіксіз еден.

Артықшылығы – соңғы үлгілердің бірі, қымбат көрінеді, тиімді, кез-келген үлгіге үйлеседі.

Кемшілігі – мұндай еден қалтаға біраз салмақ түсіреді. Астында жылы еден (теплый пол) болмаса суықтық етеді.


Пробкалы жабын

Пробкалы жабынды жуынатын бөлме еденіне төсеуге болады. Оның артықшылығы өте көп: ылғал өткізбейді, шірімейді, жылы.

Кемшілігі – пробкалы жабынның барлық түрі жуынатын бөлме үшін жарай бермейді. Біріктірілетін материал болатын болса, онда ол жерге су кіруі мүмкін.


Ламинат

Бұл еден жабынын ылғалды жереге пайдалану ұсынылмайды, тіпті ылғалға төзімді түрі болса да. Алайда жиі жөндеу жасайтындар осы нұсқаны қарап көрсе болады. Оң тұсы: ағаш еденге ұқсайды, жылы еден, қаражатқа үнем.

Кемшілігі – ылғалға ұзақ уақыт шыдамайды. Сондықтан жиі ауыстыру керек болады.


Резиналы жабын

Ыңғайлы, күтімі қарапайым, және аяқ таймайды, ылғалға өте төзімді.

Кемшілігі – табиғи емес.


Галька

Бұл едендер қазіргі кезде танымалдылыққа ие болып келе жатыр. Ұсақ тастан жасалған еден экологиялық таза, тиімді, үнемді, бекіту жұмыстары оңай, қарапайым жасалады. Мұндай еден өте әдемі көрінеді, көптеген стилге сай келеді, аса көп күтімді қажет етпейді, аяққа массаждық әсер береді.

Кемшілігі – еден қатты әрі салқын болады.


Бетон

Көп жандар еденге ақша үнемдеу үшін бетон құяды. Алайда бетон еден мықты болуы және ұзақ қызмет жасауы үшін сапалы ерітінді, арасына салынатын темір, қосымша қоспалар керек. Бетін жабындау үшін тағы қосымша қаражат шығады. Барлығын қосқанда қымбат жабынға айналады.

Сондай-ақ бетон – өте салқын, қатты және кейбір дизайндарға сай келмеуі мүмкін.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыздар: Жуынатын бөлмені кафельден басқа да заттармен жабындауға болады