Дүниеге баланың – жаңа адамның келуі бізге үйреншікті, қарабайыр процесc боп көрініп кеткендей. Солай көрінгенімен, шын мәнісінде, бұл – дүниедегі ең ғажайып құбылыс. Ғажайыптығы сол, оны ешбір адам баласы қолдан жасай алмайды. Осы күні аналар есептетіп көтеру, баланы жоспарлау деген тақырыптарды жиі айтып жүр. Дегенмен, шынтуайтында сіз қанша жерден жоспар құрсаңыз да, Алла бермеген уақытта бойыңызға бала бітпейді. Тура сол сияқты, қандай сақтық амалдарын жасасаңыз да, дүниеге сіз арқылы жаңа адам келуі керек боп тұрса, ол пайда болады, себебі бұл – алдын-ала жазылып қойған жазмыш, жаратылыстың жоспары. Тек Алла мен адамның құрғаны сәйкес келген жағдайда ғана есептетіп көтеру, жоспарлап туу дегендер мүмкін сияқты боп көрініп қалады. Түптеп келгенде, жоспарлау, есептеу кезіндегі ойлар мен сөздерді, ниетті де Алла салып тұр ғой жүрегіңізге.
Мұның бәрін не үшін айтып жатырмыз? Себебі, әйелдің әр жасында дүниеге келген бала анасына бірдеңе үйретуге келген деген тұжырым бар.
Егер 17, 24, 32, 34, 40, 41, 47 жасыңызда босансаңыз:
Бұл бала – сіздің айнаңыз. Екеуңіздің жан дүниеңіз өте ұқсас келетіндіктен, араларыңыз өте жақын болады, Балаңызбен қарым-қатынасыңыз жылы, әрі бір-біріңізді жақсы түсінетін боласыздар. Ол сізге өзіңізбен өзіңіз гармонияда болуды, өмірдің барлық салаларында балансты сақтау ережесін ұстануды үйретуге тырысады. Баланың сізге бергісі келген сабақтарын байқап, түсініп, қабылдай алсаңыз, гармонияны да, балансты да табасыз.
18, 19, 22, 27, 36, 45-те дүниеге бала әкелсеңіз:
Бұл баланың мінез-құлқы қарапайым болмайды. Ол кішкентайынан-ақ сізді күрделі сұрақтармен, күрмеуі қиын мәселелермен бетпе-бет келтіреді. Тіпті, жүрегіңізді ауыртарлықтай проблема тудыртуы мүмкін. Осының себебінен балаңызбен қарым-қатынасыңыз да қиындауы ықтимал. Алайда, мұның бәрі баланың жаман болғанынан емес, сізге қандай да бір сабақ бергісі келгеннен деп қабылдаңыз. Осы жолдан дұрыс қадамдар, оң шешімдер тауып өту арқылы өзіңіздің осыған дейінгі дұрыс емес шешімдеріңіз бен кемшіліктеріңізді көріп, мойындай аласыз.
Егер баланы 23, 25, 26, 33, 37, 48 жаста дүниеге әкелсеңіз:
Демек Сізге Рухани ұстаз келді деген сөз. Осы жасыңызда келген бала Сізді Ғалам заңдылықтарын түсіндіруге, оятуға келеді. Балаңыздың бойынан байқаған әрбір нәрсеге мән беріп, оны терең ой елегінен өткізе жүріңіз. Сонда өз бойыңыздағы даналықты оятып, көптеген ақыл-ой кеніне тап боласыз.
Баланы дүниеге 28, 35, 39, 42, 46, 49 жасыңызда әкелсеңіз:
Осы жылдан бастап Сіз ерекше қамқорлықтың астында боласыз деген сөз. Өйткені, өміріңіздің соңына дейін қасыңызда болатын ққамқоршы періште дүниеге келді. Әйткенмен, ол балаға арқа сүйеп кетпей, уақыты келгенде оны өз өмірімен жіберуді, өз өміріңізді өз күшіңізбен сүруді ұмытпаңыз.
Егер сіз 20, 21, 29, 30, 31, 38, 43, 44 жасыңызда босансаңыз:
Сізге өткен өміріңізден Топтас Рухты бала келді. Бұл бала сіздің о баста кім едіңіз, не үшін өмірге келгеніңізді есіңізге түсіруге көмектеседі. Балаңыз сіздің мінезіңізді шыңдап, сыртыңыздағы шаблондар мен стереотиптерді алып тастап, нағыз өзіңізбен беттестіреді.
Осы себептен, балалардың денсаулығы дұрыс, көйлегі көк, тамағы тоқ болуын ғана қадағаламай, оның әр айтқан сөзіне, әр ісіне мән беріп қараңыз.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: