Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады

0
431

Бұған дейін 37 мектеп ашылғаны хабарланып отыр.


Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады

Биыл Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысын қаржыландырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 37 мектеп ашылғаны хабарланып отыр.

«Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асырады. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі мектеп, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернат сала отырып, мектептегі орын тапшылығын жоюды көздейді. Осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарланған», – деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Марлен Қасенов.

????Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шамамен 15 мың орындық тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Олар 2025 жылы ашылады деген жоспар бар.