Петропавловлда гуманитарлық көмекті бөлу кезінде төбелес болды

0
242

37 жастағы ер адам 30 жастағы жігіттен түсірілімді тоқтатуды сұраған.


Петропавловлда гуманитарлық көмекті бөлу кезінде төбелес болды

ERNUR.KZ. Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек беру пункттерінің бірінде тосын оқиға болды. Қаланың екі тұрғыны арасындағы қақтығыс бейнетүсірілім себебінен туындаған, деп жазады ulysmedia.kz.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, 37 жастағы ер адам 30 жастағы жігіттен түсірілімді тоқтатуды сұраған. Ал түсірген жігіт көмек көрсету процесін видеоға түсірген. Өтініші орындалмағаннан кейін екеуі төбелесіп қалған: оператор қарсыласын ұрып, әкімшілікқұқық бұзушылық жасаған.

Құқықбұзушыға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. 16 сәуірде сот оны 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Сот отырысы барысында ер адам өзінің кінәсін мойындаған.