ТЖД: ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

0
258

Бүгінде қар жамылғысының ауданы облыстың 44%-ын құрайды.


ТЖД: ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Республикалық ақпарат штабы брифингінде ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева айтты, деп жазады baq.kz.

Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында, Риддер қаласы мен Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін, - деді ол.

Аға инженердің айтуынша, бүгінде қар жамылғысының ауданы облыстың 44%-ын құрайды. Көптеген ауданда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары.

Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Мобильді топтар күн сайын тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағалауды нығайту және өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Кекиева.

Жергілікті атқарушы органдар арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша жоспарланған жұмыстарды аяқтады.