Жайық өзеніндегі су деңгейі екі сантиметрге төмендеді: қауіп әлі сейілген жоқ

0
184

Жайық жағасын көтеру, дамбаларды нығайту, қапшықтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүріп жатыр.


Жайық өзеніндегі су деңгейі екі сантиметрге төмендеді: қауіп әлі сейілген жоқ

ERNUR.KZ. Соңғы екі тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды. Көрсеткіш 2 сантиметрге түсті. Қазіргі оның деңгейі - 8 м 63 см. Ал оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Сол себепті облыста су тасқынына қарсы шаралар әлі де жалғасуда, деп жазады sputnik.kz.

БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш брифингте осылай деп мәлімдеді.
Облыстың төрт ауданы мен Орал қаласында қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті Жайық жағасын көтеру, дамбаларды нығайту, қапшықтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Өткен тәулікте 27 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі - балалар. Облыс бойынша 13 979 адам эвакуацияланды. Оның 2441-і эвакуациялық пунктерде орналасқан", – деді спикер.
Бір млн текше метр еріген қар суы тартылды. 11 мыңнан астам адам, 2 мыңға жуық техника, 129 жүзу құралдары, 3 әуе кемесі жұмылдырылған. Республиканың 14 өңірінен қосымша күш-құралдар жіберілді. Халықты аралап, құлақтандыру және адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр.