ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды Жетісайда жеке қабылдау өткізді

0
495

Тұрғындардың басым көпшілігі инфрақұрылым мәселесін көтерді.


ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды Жетісайда жеке қабылдау өткізді

Жетісайда облыс әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс тұрғындарын алаңдатқан мәселелер үнемі назарда болады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іссапары аясында жеке қабылдау өткізді. Жетісайлық азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауаптыларға заң аясында шешу бағытында нақты тапсырма жүктеді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, оңтайлы шешілуіне атсалысты.


Тұрғындардың басым көпшілігі инфрақұрылым мәселесін көтерді. Баспанамен қамту, жарықтандыру мәселесін де ортаға салды. Ералиев ауылдық округінен келген тұрғын Ғани Мұратбаев ауылының электр бағаналарын және сымдарын ауыстыруды, барлық көшеге асфальт салуды өтінді. Жаңа Дәуір ауылына газ қосу және электр бағаналарын ауыстыру, таза ауыз су тарту секілді мәселелер де айтылды. Келесі азаматша ауруханада орын алып жатқан келеңсіздіктер туралы айтса, тағы бір тұрғын Амангелді атындағы №19 жалпы орта мекттебіне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуді ұсынды.


Сонымен қатар Нұр ауылының инфрақұрылымын дамыту бағытында өтінішін алға тартты. Ауыз су, қоқыс алаңшалары да назардан тыс қалмады. Ақши көшесі мен Тың, Игілік көшелерімен қиылыстыруды сұраған тұрғын оның берер пайдасы туралы айтты. Медициналық пункт пен ойын алаңшаларының жоқтығына, балабақшаның заңсыз жабылғанына наразылық білдірді. Тұрғын үйінің қасынан тас жолы салынып, жүк көліктерінің өту салдарынан тұрғын үйіне зардап келіп, қабырғалары жарылған тұрғын аталған мәселені шешіп беруге ықпал етуді сұрады.


Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларда тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарға жеке қабылдау өткізіп келеді. Қабылдау барысында туындаған сұрақтарға заң аясында тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелердің ертерек шешімін табу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.