ТҮРКІСТАН: Ордабасыда фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді

0
204

Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді

Ордабасы ауданында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекеніндегі Дербес ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Енді тұрғындар ем іздеп, аудан орталығына бармай, дертіне шипаны Дербес фельдшерлік-акушерлік бекетінен табады. Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталған.


Фельдшерлік-акушерлік бекетте фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара бөлмесі, қабылдау бөлмесі бар.


Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Баласағұн Асым, аудандық аурухананың басшысы Болатхан Салыбекұлы қатысты.


«Құрметті ауыл тұрғындары! Сіздерді барлық жағдайы жасалған, заманауи үлгідегі бекеттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Медициналық нысан ауылдағы екі мыңнан астам тұрғынға сапалы, тиімді медициналық көмек көрсетеді деп сенемін. Денсаулығына жиі шағымданатын тұрғындар үшін бұл үлкен қуаныш», деді аудан әкімі Азат Оралбаев.


Жалпы, ауданда 51 емдеу мекемесі бар болса, оның 38-і – ФАП. 2023 жылы 5 ФАП пайдалануға берілсе, биыл 2-еуі ел игілігіне табысталмақ.