ТҮРКІСТАН: Салынып жатқан нысандарда петроглифтер бейнеленеді

0
286

Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Мәдени-рухани орталықта салынып жатқан жаңа нысандардың үлгілері талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Салынып жатқан нысандарда петроглифтер бейнеленеді

Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары тікелей бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте салынып жатқан нысандардың сәулеті мен жаңа жобалар таныстырылды. Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Мәдени-рухани орталықта салынып жатқан жаңа нысандардың үлгілері талқыланды.


Әкім Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың туристерді баурап алатын ерекше үлгіде болуы керек екенін ескертті. Қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешендегі мұнараларға Арпаөзен таңбалы тастарын – петроглифтерді бейнелеуді ұсынды.


Бұл кешеннің мақсаты – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу. Қолөнершілер қалашығында жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың орталғында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделген.


Облыс әкімі барлық нысандардың Шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керектігін айтып, жаңа құрылыс нысандарын уақытында аяқтауды тапсырды.


Жиналыста Түркістан қаласындағы галерея жобасы, бизнес орталығының сыртқы көрінісі, ұлттық ойындар алаңын салу жобаларына қатысты өзгертулер қолдау тапты.