ТҮРКІСТАН: Сарыағаштықтар «Жасыл аймақ» экоакциясына белсене қатысып жатыр

0
232

Мемлекеттік қызметкерлер мекеме ауласына гүлдер отырғызды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштықтар «Жасыл аймақ» экоакциясына белсене қатысып жатыр

Сарыағаштықтар «Жасыл аймақ» экоакциясына белсене қатысуда , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Сарыағаш ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Елді мекендерде ағаш көшеттері отырғызылып, әктеу, бұтау шаралары жүргізілді. Сонымен қатар жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Одан бөлек, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды. Мемлекеттік қызметкерлер мекеме ауласына гүлдер отырғызды.


Қазіргі таңда «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан аумағындағы жалпы сенбілік жұмыстары аясында 38 көше бойлары тазаланып, 2 аялдама, 15 шақырым аяқжолдар, 8 саябақ, 3 спорт алаңшасы, 12 арық-атыздар, 15 шақырым ирригация жүйелері тазаланып, жалпы көлемі 32 тонна қоқыс шығарылды. Акцияға 2 мыңнан астам адам қатысып, 50-ден аса техника жұмылдырылды.


Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғамның саналы және азаматтық жауапкершілік танытқан барлық топтарын жұмылдыруда. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтау әдеттерін қалыптастырады. Бұл қасиеттер әрбір азаматтың адамгершілік келбетін сипаттайды.