Мамандар еркектердің қанша жасында нағыз «шабандоз» болатынын айтты

0
10 695

30-40 жас аралығында еркектер өзінің қалауын да орындап, сүйіктісінің де көңілінен шыға алады.


Мамандар еркектердің қанша жасында нағыз «шабандоз» болатынын  айтты

Ер азаматтар қанша жасында тәжірибелі, төсекте әйелінің көңілінен шыға алатындай жағдайға жетеді? Бұл жайлы психотерапевттер бірнеше тәжірибе жасап, зерттеулер жүргізген екен. Оның нәтижесі мынадай көрсеткіштерді көрсеткен.


20-26 жас:

осы жас аралығында ер адамдар өте белсенді болады екен. Алайда тәжірибесі аз. Әсіресе 22-23 жасында еркектер төсекті үнемі қалап тұрады. Дегенмен ойындағыдай төсек қатынасына қол жеткізе алмайды. Мұның басты себебі – өз-өзіне деген сенімсіздік пен тәжірибенің аздығы. Сонымен қатар, бұл жастағы жігіттер сүйіктісінің қала уын емес, тек өзінің қалауын ойлайды.

Жастар сексуалдық жағынан қателесуге, сүйіктісінің ойынан шықпай қалудан қатты қорқады. Сондықтан да осы жастағы еркекпен бас қосқанда оған не айту керектігін, қарым-қатынасты қалай жасау керектігін ескеру қажет. Жас жігіттер мақтау сүйетіндіктен, оны мадақтап, комплименттер айтып, әйел адам өзінің де не қалайтынын жеткізгені қателік емес.


26-30 жас:

30 жасқа дейін ер адамдар барынша ой тоқтатып, нәпсісін тыя алады. Бұдан бөлек, олардың гормондары да жетерлік мөлшерде болады дейді дәрігерлер. Сондықтан да болар 26-30 жас аралығындағы еркектер өзіне де, сүйіктісіне де не керектігін жақсы біледі. Барлығы қалыпты болғандықтан да бұл жастағы жігіттердің нәпсісі тез оянып, таңға дейін жалғастыра алатындай жағдайы бар. Осылайша олар жігіттіктен еркектікке қарай ойысады. 26 жасқа дейінгі сезінген сенімсіздік пен қорқыныш сейіліп, нағыз ерге айналады.


30-40 жас:

Еркектер бұл жаста өздерін тым еркін сезінеді. Себебі олар төсектің қыр-сырын жақсы біліп, тәжірибе жинақтаған. Сол себепті де екеу арасындағы жыныстық қатынас саннан сапаға ауысады. Бірақ та 30-40 жастағы еркектердің бір басында бірнеше мәселе болатынын естен шығармау керек. Мысалы, жұмысбастылық, отбасына көңіл бөлу, басқа да бітпейтін шаруалар. Мұның бәрі еркекті қажытып, тіпті, стреске бой алдыруы ғажап емес. Сексуалдық жағынан да белсенділігі төмендеп, әйеліне көңіл бөлмей қоятындар да табылады.

Осындай жағдайларда әйелдің нәзіктігі мен қулығы рөл ойнайды. Олар да қарап қалмай, күйеуінің көңілін табуға тырысқаны жөн. Өз қиялы мен қалауын қосып, жыныстық байланысты жандандырулары қажет.


40-55 жас:

40 жастан асқан ер-азаматтар күн сайын әйелімен жақындасқанды қалай бермейді. Арасында темпераменті жоғары еркектер де болуы заңдылық. Олар керісінше 40-тан асқанда қылық шығаруы ғажап емес. Дегенмен бірінші топқа жататындар айына немесе аптасына бір рет жыныстық қатынасқа түскенмен, өте сапалы секс жасай алады.

Ең бастысы бұл жастағы еркектерге сүйіктісіне барлығын ашық айтып, өзінің қалауын ала білгені дұрыс.


55-тен асқан еркектер:

Елуді еңсеріп, алпысқа аяқ басқан еркектердің жасы да, төсекті қалауы да айтарлықтай төмендейді. Сонымен қатар 55-тен асқан еркектердің де, әйелдердің де сезім нүктелері кеш оянып, бұрынғыдай таңға дейін қанша қаласа да өз қалауын орындай алуы екіталай. Бірақ та алпысты алқымдаған еркектердің кейбірі сүйіктісінің ойынан шыға алады. Барлығын бірдей бұл тізімге жатқызу қателік.

Жоғарыда осы істің мамандары жіктеген еркектер топтамасын айтып өттік. Олардың қай жаста белсенді әрі нағыз еркек болатынын білген боларсыз. Әйелдерге осы кеңес бойынша әрекет етсе, дәрі де ойдағыдай болары сөзсіз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әйелдерді қалай тез қоздыруға болады?


ТӨСЕК ҚАТЫНАСЫН жандандыратын тағамдар