​ЖАТЫН БӨЛМЕдегі ИДЕАЛ ӘЙЕЛ қандай?

0
8 881

ИДЕАЛ әйел болғыңыз келе ме?


​ЖАТЫН БӨЛМЕдегі ИДЕАЛ ӘЙЕЛ қандай?

Ер адам көзбен сүйетіні белгілі. Бірақ ер адамның барлығы бірдей қуыршақтай әйелді сүйеді деген сөз емес. Әр еркекте әртүрлі талғам бар. Кейбіреулер омырауы үлкен әйелді ұнатса, кейбірі керісінше, кіп-кішкентай, шағын омырауға сексуалдық ынтасы оянуы мүмкін. Әйелдің бөксесі де солай роль ойнайды. Бірақ, бөксенің тым үлкен немесе тым кішкентай болғаны, тақтайдай тегістігі де ер адамның «еркектік сезімін» оятпайды.


Сондықтан, егер өз болмысыңыздан, дене бітіміңізден «жетіспей тұрғанды» анықтап, сонымен жұмыс істеңіз.

Әрине, жаратылысты түбегейлі жойып, өзгертіп тастау дұрыс емес, мүмкін де емес. Күйеуіңіз сізге үйленген кезде тек мінезіңіз бен бет-әлпетіңізді ғана көрген жоқ, дене бітіміңізді де көзімен тінтіп, бақылап көрген шығар.

Уақыт өте келе, әйелдің дене бітімінің өзгеруі де қалыпты. Өйткені, әйел жүкті болады, бала табады, содан әйелдің ағзасы өзгеріске ұшырайды. Әйел ғана емес, ер адам да тұрақты түрде спортпен шұғылданбаса, салауатты өмір салтын ұстанбаса, қарны шығып, жас ұлғайған сайын шашы түсіп, бұрынғы ұсқынынан айырылады ғой.

Десек те ер адам сол баяғы көзбен сүйетін әдетін тастамайды. Ал жатын бөлмесінде ер адамға ұнау үшін әйел бірнеше амалдарды білуі шарт.


КӨЗді қуантыңыз!

Еркек көзбен сүйеді дегенге қарсы келмеңіз. Мүсініңізді мейлі ол толық болсын, артық қырым еті жоқ болсын, өз денеңізді нәзік көрсете алу сіздің қылығыңызға байланысты. Содан кейін жатын бөлмедегі ең маңызды киім ол-ІШ КИІМ. Іш киімдеріңіз әдемі, қымбат болсын! Серігіңіздің көзін қуанту жарқыраған, сапалы материалдан тігілген іш киімдерден басталады.



Жағымды ИІС

Ер адам көзбен көрді, дененің сұлулығына көзі тояттады. Ендігі кезек иісте. Әйел адам жатын бөлмесінде, жұбымен бірге жыныстық қатынасқа түсер алдында душқа түсіп, тазаланып алғаны мақұл. Немесе Әртүрлі Өйткені, күні бойы жүгіріп жүріп, тәніңіз терлеуі мүмкін немесе далада жүрсеңіз, шаң-тозаң, кір қонуы мүмкін. Ал бұл міндетті түрде денеден жағымсыз иістерді шығарады. Осы жағымсыз иістен таза болыңыз, ер адам көзбен ғана емес, мұрынмен де сүйеді екен.


Жеңіл қимылдармен оны ОЯТЫҢЫЗ!

Ер адамды шыдай алмайтындай дәрежеге жеткізіп, одан кейін өзіңіз екінші сатыға түсе қойыңыз. Яғни, жатын бөлме ойынында жұбыңызға еркелеп, жеңіл әрекеттерді жасасаңыз болады. Мысалы, ерніне жақындап, ыстық деміңізбен шарпып өтіңіз. Нәзік қолдарыңызбен мойнынан орап, шашынан сипаңыз. Киімдерін біртіндеп, нәзік қимылмен шешіңіз.

Ал одан кейін тізгінді серігіңізге беріп, өзіңіз «қорғансыз қоянға» айналыңыз. Серігіңіз қырандай күш алып, қоянды астына басып, тырп еткізбейтіндей жағдай жасаңыз.


Қалауын сұрау АЙЫП ЕМЕС

Өйткені ер адамдардың кейбірінде төсекке келгенде өзіне деген «сенімсіздік» байқалады. Мысалы, «менің аспабым кішкентай, серігім одан қанағаттанбай қалмай ма?» деген қорқыныш болуы мүмкін немесе «жыныстық қатынас басталмай жатып, шәуетті жіберіп қоямын» деген үрей бәрібір ер адамның ойында болады. Әйелімнің көңілінен шықпай қаламын ба деген сенімсіздігін жою үшін, қысылмай, одан нені қалайтынын, «былай етсем ұнай ма?» деген секілді сұрақтарыңыздың жауабын білу айып емес. Керісінше, сіз оның өзіне деген сенімділігін арттырып, серігіңіз үшін ең ИДЕАЛ әйелге айналасыз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Еркектер МЫНА үш НҮКТЕСІНЕН керемет ЛӘЗЗАТ АЛАДЫ

Мамандар еркектердің қанша жасында нағыз «шабандоз» болатынын айтты