​9 баласы бар әке өзінің белсіз екенін біліп әйелін сотқа берді

0
1 939

Оған сенбеген профессор басқа жерде де дәрігерлік тексеруден өтіп, соңғы 50 жыл ішінде өзінің бала сүюі мүмкін емес екендігіне көз жеткізген.


​9 баласы бар әке өзінің белсіз екенін біліп әйелін сотқа берді
фото: kamerton

Тоғыз баласы туылған соң дәрігерге қаралған ер-азамат өзінің бала кезден әке болуға қабілетсіз екенін білген соң әйелін сотқа берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ timeskz.kz-ке сілтеме жасап.

Марокколық профессор Сиди-Слиман қаласында өзінің әйелімен 35 жыл бойы бақытты ғұмыр кешіп келген. Жергілікті басылымның мәліметінше, олардың 9 баласы бар.

Бірақ бұл бақытты ғұмырдың соңы профессордың кезекті медициналық тексеруге келіп тірелген. Пациентін жіті тексеруден өткізген уролог оның бала кезден әке болуға қабілтсіз екендігін анықтаған.

Оған сенбеген профессор басқа жерде де дәрігерлік тексеруден өтіп, соңғы 50 жыл ішінде өзінің бала сүюі мүмкін емес екендігіне көз жеткізген.

Осыдан соң марокколық азамат әйелімен ажырасуға арыз беріп, тіпті балаларынан да бас тартпақ ниетте. Айта кетейік, Мароккода әйелдің күйеуінің көзіне шөп салуы – өте ауыр қылмыс. Егер оның қылмысы дәлелденетін болса, темір торға жабылатын болады.