БАЙЫП кете алмай жүрсіз бе? Не КЕДЕРГІ боп тұрғанын біліңіз

0
409

Табыс пен байлық жолында кездесетін ішкі кедергілер болады


БАЙЫП кете алмай жүрсіз бе? Не КЕДЕРГІ боп тұрғанын біліңіз

Сурет: Pinterest

Астрология тұрғысынан әр жұлдыз белгісінің табыс пен байлық жолында кездесетін ішкі кедергілері болады. Бұл кедергілер көбіне олардың табиғи мінез-құлқына, энергиясына, шешім қабылдау ерекшеліктеріне байланысты.


ТОҚТЫ

Кедергі: Асығыстық пен шыдамсыздық

Тоқтылар өте бастамашыл. Бірақ көбіне идеясын соңына дейін жеткізбей, тастап кетеді. Ақшаның оңай әрі тез аспаннан жауа салғанын қалайды. Бұл – шыдамсыздықтың салдары.


ТОРПАҚ

Кедергі: Тәуекелден қорқу

Торпақтар тұрақтылықты жақсы көреді. Өзгеріс жолында тәуекелге бас тігуі қиын. Осы қорқынышы оларды қауіпсіз аймақтан шықпауға үгіттейді. Сөйтіп, мүмкіндіктерді уысынан шығаврып алады, дамуы, алға жылжуы қиындайды.


ЕГІЗДЕР

Кедергі: Тұрақсыздық пен шашыраңқылық

Ойы, қызығушылығы тез ауысады. Бір нәрсеге толық зейін қоя алмайды. Нәтижесі табысты болуы мүмкін бірнеше жобаны қатар бастай алады. Бірақ аяқтамай қалуы әбден мүмкін.


ШАЯН

Кедергі: Эмоционалдық шешімдер

Қаржы мәселесінде эмоциямен шешім қабылдайтын кезі көп. Қауіптеніп, жақсы мүмкіндіктерден бас тартуы да ықтимал.


АРЫСТАН

Кедергі: Эго мен мақтаншақтық

Өзін сән-салтанатты көрсету, абырой-беделін арттыру үшін негізсіз артық шығындар жасайды. Кейде нақты табыс әкелмейтін нәрселерге көп көңіл бөледі.


БИКЕШ

Кедергі: Артық перфекционизм

Өте ұқыпты, ұсақ-түйекке дейін мән беретін болғандықтан, мінсіздікке жетемін жүріп, көп уақыт пен мүмкіндікті жоғалтады. Іске кірісіп кетіп, нәтижеге жетіп, табысын алып отырудың орнына, талдауға, ойлануға көп уақыт жұмсайды.


ТАРАЗЫ

Кедергі: Шешім қабылдай алмау

Таразылар ұзақ ойланып, кіртастардың екі басын теңестіруге тырысады. Бұл – табыс жолында тез әрі батыл қадам жасау керек тұстарда әлсіздік танытады деген сөз.


САРЫШАЯН

Кедергі: Ешкімге сенбеу

Адамға ақша – басқа адамдар арқылы келеді. Олармен не әріптес боласың немесе алыс-беріске түсесің, әйтеуір байланысу керек. Адамдарға сенімсіздікпен қарау және барлығын өзі басқарғысы келу – көп жерде кедергі болады. Командалық жұмыста, бизнесте де.


МЕРГЕН

Кедергі: Шамадан тыс оптимизм

Кейде реализм жетіспейді. Болуы мүмкін қауіптерді ескермей, есептемей, соқыр үміт жетегінде тәуекелге бас тіге салу оларға түк емес. Соңында бұл бастаманың сәтсіз жоба болғанын да жеңіл мойындайды. Қателіктен сабақ алып, қайталамауға тырысудың орнына, көп өтпей тағы ұрынады.


ТАУЕШКІ

Кедергі: Миды емес, қара күшті қолдану

Физикалық күшті қажет ететін барлық жұмысты жасауға дайын. Тек ой-сананы, ақыл-білімді қажет ететін, бір сөзбен айтқанда «баспен істейтін» жұмыстардан қашқақтайды. Нәтижесінде ағзасының әлсірегенін сезбей, Бар күшпен жұмыс істеуге бейім. Бірақ сезімді елемей, ішкі жай-күйін елемей, денсаулығының нашарлауына немесе ұзақмерзімді шаршауға бір-ақ барады.


СУҚҰЙҒЫШ

Кедергі: Тым идеалист болу

Ешкім жүрмеген жолмен жүруге тырысады. Жаңа идеялар мен өзгеше жобаларға қызығады. Бірақ олар әрдайым табыс әкеле бермейді.


БАЛЫҚТАР

Кедергі: Әрекетсіз армандау

Арман-қиялға көп беріледі. Оған көп уақыт пен күш жұмсағаны сонша, әрекетке көшуге ресурсы қалмайды. Нақты қадамдар жасауды кешіктіреді немесе жауапкершіліктен қашуы мүмкін.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ махаббаттағы МАНИПУЛЯЦИЯсы