"Әйеліммен кездессеңіз, өкінбейсіз": 21 жыл отасып, ажырасқан ерлі-зайыпты бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазды

0
1 064

Олар ең жақсы дос болып қала бергендерін мойындады.


ERNUR.KZ. Жаңа Зеландияда 21 жылдан кейін ажырасқан ерлі-зайыптылар Facebook желісінде бір-бірінің қандай қасиеттерін бағалайтынын және бір-бірін жақсы көретіндерін жазды, деп жазады Stan.kz.

Екі баласы бар 40 жастағы Вакаронготай (Whakarongotai) мен 42 жастағы Дэмиен Никора (Damien Nikora) әлеуметтік желілердегі парақшаларында ажырасатыны туралы айтты. Олар ең жақсы дос болып қала бергендерін мойындады. Хатында бұрынғы күйеуі:

«Сізге неге менің бұрынғы әйеліме қарамасқа? - Бұл керемет әйелмен керемет неке болды. Егер сіздің оны кездестіруге мүмкіндігіңіз болса, бақытты болар едіңіз. Оның мейірімді екені шүбәсіз. Ол жақсылығының орнына ештеңе күтпейді. Оның қасында бәрі оңай, қиындық туғызбайды. Ол өте дал. Қазір ол өзін-өзі тануға бейімделіп жүр. Бұл кез-келген адамның өміріндегі ең жақсы уақыт. Ер адам үшін ең жақсы уақыт - әйелге өсіп-жетілуге көмектесу», - деп сөзін жалғастырды Дэмиен.

Содан кейін бұрынғы жұбайы Вакаронготайдың сүйікті тағамдары мен әуестенетін әсін тізіп жазды.

«Бұл біздің басқалардан бөлек екенімізді мойындаудың тәсілі», - деп жазды әйел.

«Менің бұрынғы жұбайыммен кездесудің себептерін атайын. Ол мен білетін ең адал адам. Ол бәріне өзінің керемет әйелі мен балалары бар екенін айтып жүреді. Мен одан бұл туралы ешқашан сұраған емеспін. Оның болмысы сонда. Сонымен қатар ол өзінің уақытын, талантын және позитивін жомарттықпен бөліседі! Әзіл-қалжыңға жақын», - деп жазды әйелі.

Вакаронготой бұрынғы күйеуімен 21 жыл бірге тұрғанын айтып, оған алғыс айтты.

«Мен бұл адамның қасында бола отырып, өзімді жан-жақты дамыта алғаныма өте қуаныштымын. Оның арқасында мен келесі өмірлік серіктесімді таңдауда маған үлкен талаптар қоюды үйрендім», - деп қорытындылады әйелі.

Бұл жазба желіде тез тарап, көп пікір жазылды. Пайдаланушылар жұпқа жаңа ғашықтарын табуда сәттілік тіледі.