"Әке, кешір, мен басқаша жасай алмадым": Әріптестерін атып өлтірген сарбаз өкінбейтінін айтты

0
942

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз 8 әріптесін атып өлтірген.


ERNUR.KZ. Ресейде әріптестерін атып өлтірген сарбаз Рамиль Шамсутдинов адам өліргені үшін өкінбейді. Бұл туралы оның әкесі Салим Шамсутдинов айтты. Әкесі тергеу изоляторында отырған ұлымен кездескен, деп жазады Stan.kz.

Әкесінің сөзінше, ұлы неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірген.

«Бұрыннан әскери борышын өтеп жатқандар оны кемсіткен. Ұлымның ұялғанын байқадым. «Әке, кешір! Мен басқаша жасай алмадым. Олар мені немесе мен оларды өлтіретін едім. Олардың маған жасаған әрекеттерін кешірмеймін», - деді. Ол жасаған әрекеті үшін өкініп отырған жоқ. Ол мұндай қадамға саналы түрде барған», - дейді әкесі.

Сонымен қатар Салим Шамсутдинов ұлының болашағына оптимистік көзқараста екенін айтты.

«Ол аздап арықтаған. Өзін сергек сезінеді. Күліп отырды. Тек көзқарасы ауырлаған. Ол болашағына оптимистік көзқараста. «Ештеңе етпес, шығамын ғой. Мұндағылар да адамдар», - деді. Ол өзін тастап кетпегінімізді түсінді. Әскерилер одан бәрін тартып алған. Тергеу изоляторында спорттық киім берген. Сонымен жүрді. Біз оған барлық киімін апарып бердік», - дейді ол.

Салим Шамсутдинов ұлына Мәскеуден қорғаушылар келгенін айтты.

Еске сала кетсек, Ресейдің Забайкалье өңірінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз әріптестерін атып тастаған еді. Салдарынан сегізі көз жұмып, екеуі жарақаттанды.