Филадельфиядан 150 шақырым жерде орналасқан Нескопек қаласында болған өрттен жеті ересек адам мен бес, алты және жеті жастағы үш бала көз жұмды.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұрғын үй өртеніп, 10 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.
Филадельфиядан 150 шақырым жерде орналасқан Нескопек қаласында болған өрттен жеті ересек адам мен бес, алты және жеті жастағы үш бала көз жұмды. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілердің арасында болған қызметкер, ерікті өрт сөндіруші Гарольд Бэйкер Associated Press агенттігіне олардың ұлы, қызы, қайын атасы, әйелінің әпкесі және оның күйеуі, үш немересі және тағы екі туысы екенін айтты.
«Оларды құтқара алмағаным – мен үшін ең үлкен қайғы», - деп қосты ол.
Полиция өрттің жұма күні таңғы сағат 02:30 шамасында үйдің есігінен басталды деп шамалап отыр. Полицияның өрттің шығу себептерін тергеуге кірісті.