Берілетін қару-жарақтың ішінде "гаубица" мен заманауи зымыран кешендері бар.
ERNUR.KZ. АҚШ Украинаға қосымша қару-жарақ пен оқдәрі беретін болды. Әскери көмек көлемі 1 миллиард доллар, деп жазады 24.kz.
Мамандар бұл рекордты сома дейді. Берілетін қару-жарақтың ішінде "гаубица" мен заманауи зымыран кешендері бар. Бұл туралы Джо Байденнің мәлімдемесінде айтылған.
Сондай-ақ ол қосымша 225 миллион доллар бөлетінін жеткізді. Қомақты қаржы Украина тұрғындарын таза су, дәрі-дәрмек пен азық-түлік және баспанамен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.
"Президент Джо Байден президент Зеленскийге 1 миллиард доллар әскери көмек беретінін хабарлады. Қомақты қаржы өз елін жанқиярлықпен қорғап жатқан Украинаның қарулы күштерін қолдау мақсатында бөлінеді", - дейді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің үйлестірушісі, Джон Кирби.
Осылайша президент Украинаға 12-ші рет көмек көрсетіп отыр.