Албания премьер-министрі бұған дейін вакцинаны бірінші болып дәрігерлер алатынын мәлімдеген.
ERNUR.KZ. Албания билігі 11 қаңтарда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталғанын хабарлады, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.
Рама бұған дейін вакцинаны бірінші болып дәрігерлер алатынын мәлімдеген. Тиран қаласындағы Эйр Албания спорт стадионы вакцинация орталығы болады.
Сонымен қатар Албания үкіметі Pfizer және BioNTech компанияларынан 500 мың доза COVID-19 вакцинасын алғаны туралы хабарланған.