Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтті

0
83

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні


Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Аталмыш іс-шараға ірі кәсіпорын басшылары, еңбекті қорғау жөніндегі мамандар, еңбек инспекциясының ардагерлері, сондай-ақ, кәсіподақ өкілдері қатысты.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз тізгінін департамент басшысының орынбасары Берік Ибадуллаев алып, облыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша баяндама жасады.


Одан кейін «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми зерттеу институтының» Түркістан облысы бойынша филиал директоры Қаратаев Фахриддин, еңбек қорғау саласында жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, олардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында елеулі үлес қосып жүрген «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғали, «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы» ЖШС-нің Түркістан локомотив пайдалану депосының басшысы Танкеев Мақсат өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мен заңдылықтарының маңыздылығы бойынша баяндама жасады.


Сонымен қатар іс-шара қатысушыларын және қонақтарын аталмыш мерекемен құттықтау мақсатында еңбек қатынастары саласында көптеген жыл қызмет жасаған – мемлекеттік еңбек инспекциясының ардагері Шірікбаев Бектас, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық маслихат депутаты Жантөреева Қалыйма сөз сөйледі.


Департамент басшысының орынбасары Берік Серікбайұлы Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар үздік кәсіпорындарын, кәсіпорын басшыларын және еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігі қызметін, еңбек ардагерлерін, сонымен бірге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторларын ресми түрде Департамент басшысының арнайы алғыс хаттарымен марапаттады. Жиын соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Бөлісу