Ғалымдар 10 әйел қатысқан тәжірибеде қайтыс болған әйелдің жатырын пайдаланған.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Огайо штатында қайтыс болған донордың жатыры салынған әйел алғаш рет баланы дүниеге әкелді, деп жазады Stan.kz.
Ғалымдар 10 әйел қатысқан тәжірибеде қайтыс болған әйелдің жатырын пайдаланған. Тәжірибеге қатысушылардың әрқайсысы бедеуліктен зардап шегеді. Осылайша, зерттеушілер қайтыс болғандардың жатыр доноры бола алатын-алмайтынын анықтамақ болыпты.
Хирургтер 2015 жылы жобаны бастағаннан бері ағза транлсплантациясы бойынша 5 ота жасап, олардың үшеуі сәтті аяқталған.
Осындай оталардың бірінің нәтижесінде, биылғы жылдың маусым айында АҚШ-та нәресте өмірге келді. Қазіргі уақытта екі пациент эмбрион орнатылуын, тағы бірнеше қатысушы жатыр трансплантациясын күтуде.
Әдетте тек тірі адамдар ғана жатыр доноры бола алады. Зерттеушілер олардың бұл жаңалығы бедеуліктің емдеудің баламалы әдісі бола алатынына сенімді.