Мәскеу түбінде Ан-148 ұшағының құлау себебі қабылдағыштарда мұз қатып қалуынан ұшу жылдамдығы туралы жалған ақпараттың берілуі болуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik Мемлекетаралық авиациялық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
фото: REUTERS

Үш толық қысым қабылдағышының өшіп қалу себебін анықтау үшін тергеу комиссиясы борттағы дыбыс магнитофонын зерттеп, экипаждың әрекетін, қабылдағыштармен қалай жұмыс істегенін білуге тырысады, сонымен қатар жылыту жүйесінде болуы мүмкін ақауларды анықтайды.
11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан "Саратовские авиалинии" компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.