​Атасы мен әжесін 59 жерден пышақтап өлтірген жігіт 26 жылға сотталды

0
1 309

Туғандарын өлтірген соң қылмыскер әжесінің құлағындағы сырғасы мен мен қолындағы үш алтын жүзікті шешіп алған.


​Атасы мен әжесін 59 жерден пышақтап өлтірген жігіт 26 жылға сотталды

илюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Туған ата-әжесін пышақтап өлтірген жігіт 26 жылға сотталды, деп жазады ca-news.org..

Тәжікстанның астанасында ерлі-зайыпты 86 жастағы Рахмат және 77 жастағы Зебунисоны пышақтап өлтірген Музаффар Пирназаровты ел астанасының аудандық соты 26 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыскер бұдан бұрын да істі болып, ұрлық үшін жазасын өтеп шыққан.

Айта кетейік, 2016 жылдың қыркүйек айында Душанбеде болған қанды оқиғада жігіт 15 мың сом үшін туған ата-әжесін пышақтап кеткен болатын. Сотта айтылғандай, М.Пирназаров атасының үйіне жасырын кіріп, ақша ұрламақ болған. Ол әжесіне 32 жерден пышақтап, төсектен тұра алмайтын мүгедек атасына да 27 жерден пышақ жарақатын салған.

Туғандарын өлтірген соң қылмыскер әжесінің құлағындағы сырғасы мен мен қолындағы үш алтын жүзікті шешіп алған.