​Атақты боксшы мың адамға пәтер сыйлады

0
1 507

Пакьяо өз елді мекенін "Пакман-вилладж" деп атады. Ал балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық парк және көпбейінді орталық салдырды.


​Атақты боксшы мың адамға пәтер сыйлады

фото: ekabu.ru

Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді, хабарлайды sputniknews.kz.

Пакьяо өз елді мекенін "Пакман-вилладж" деп атады. Ал балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық парк және көпбейінді орталық салдырды.

Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо тұрмысы нашар көпбалалы отбасында өскен. Балалар негізінен тамыр жемістерімен (сәбіз, қызылша сияқты) және бананмен тамақтанды. Сондықтан Мэнни отбасына көмектесу үшін 12 жасында жұмысқа тұрып, көшеде тәттілер сатумен, бос уақытында бокспен шұғылданады.

Бұл істе оған көмектескен немере ағасының айтуынша, Мэнни ешқашан жалқау болмаған. Ол табандылығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңіп алған әлемдегі жалғыз боксшы атанды. Одан бөлек саясатпен айналысып, конгрестегі сайлауда жеңіске жетті.

Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адам саналады. Ол ешқашан жетістігімен мақтанып, дандайсыған емес. Өз ісімен жастарға, тұтастай алғанда әлемдегі барлық адамға үлгі бола білді.