Әуежайда екі ұшақ соқтығысты

0
2 042

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.


Әуежайда екі ұшақ соқтығысты

ERNUR.KZ. Сургут әуежайында ATR-72 ұшағы Як-40 ұшағымен соқтығысты, деп жазады Stan.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 сәуірде сағат 22:45-те Сургут әуежайында техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалтқыштары іске қосылған ATR-72 әуе кемесі өздігінен қозғалған. Оылайша тұрақта тұрған ЯК-40-қа соғысқан.


"Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ - ұшақтарда жолаушылар мен экипаж мүшелері болған жоқ. Әуе кемелерінің зақымданды", - деді Орал СУ баспасөз қызметі.


Тергеушілер осы факт бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлімнің ақпаратынан ATR-72 ұшағы "ЮТэйр", Як-40 - "Скол" авиакомпаниясына тиесілі екені белгілі болды.

"Ютэйрдің" баспасөз қызметі авиакомпания оқиғаның себептерін зерттеп жатқанын хабарлады.


"Сургут әуежайында АTR-72 ұшағына техникалық қызмет көрсету кезінде әуе кемесі тұрақта тұрған Як-40 жаққа қарай жүрген. Бортта жолаушылар мен экипаж болған жоқ, зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді компанияда.