Австралиялық полицейлер 12 күн бойы шөлде адасқан әйелді құтқарды

0
830

Саяхатшылардың автомобильдері суы тартылған өзенде батпаққа батып қалады.


Австралиялық полицейлер 12 күн бойы шөлде адасқан әйелді құтқарды

ERNUR.KZ. Австралия полициясы 12 күн бойы шөлде аптап ыстық астында қалған әйелді құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның тірі қалуына өзімен бірге ала кеткен азық-түлігінің септігі тиген. Абырой болғандаа тамақ пен су таусылған кезде әйел мен қасындағы екі серігіне жаңбырдан кейін қалған суатты табудың сәті түскен.

Бірақ австралиялықпен бірге еріп жүрген екі ер адамды 13-күннен бері таба алмай жатыр.

52 жастағы Макбит-Райли мен оның екі серігі - Фу Тран және Клэр Хоксридж 19 қарашада Австралияның Солтүстік аумағында орналасқан шағын Элис-Спрингс қаласынан сапарлауға шыққан.

Олар шөлге жол тартқан. Бірақ аяқ астынан автомобильдері суы тартылған өзенде батпаққа батып қалады.

Тамра Макбит-Райли журналистерге алғашқы үш күн бойы қанша әрекет жасағандарымен машинаны шығара алмағандықтарын айтты.

"Күндіз өте ыстық болды. Біз автомобильдің астындағы құмды қазып, аптаптан қорғануға тырыстық", - деді ол.

Саяхатшылардың алты литр суы, печеньесі және ет салынған кеспесі болған. Тамақтары таусылған соң олар амал жоқ су іздеуге бел буады. Эй-би-си корпорациясының хабарлауынша, әлгілер өздерінің қай бағытқа бет алғандықтарын жазып, машинаға қалдырып кеткен. Австралияның Солтүстік территориясының полициясы жоғалған саяхатшыларды іздеуге тікұшақ жіберді. Олар Макбит-Райлиді машинадан біржарым шақырымдай жерден тапты. Әйел шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оның қалған екі серігін іздеу жұмыстары жалғасуда.