Байден АҚШ әскери күштерін Украинаға жіберуден бас тартты

0
795

Бірақ қару-жарақ жіберіледі.


Байден АҚШ әскери күштерін Украинаға жіберуден бас тартты

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден соғыс басталған жағдайда Украинаға америкалық әскерді жіберуден бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.

Дегенмен ол Америка Құрама Штаттарының НАТО-ның ұжымдық қорғаныс қағидатын ұстанатынын мәлім етті. Қолдау шарасы ретінде ол Украинаға жабдықтар мен қару-жарақ жібеурге уәде берді.

"Мен АҚШ әскери күштерін Украинаға соғысуға жібермесем де, украиналық әскерилерге өздерін қорғауға көмектесетін техниканы жеткіземін. Сонымен қатар біз оларға түрлі кеңес беріп, барлық барлау мәліметтерімен бөлісіп жатырмыз. АҚШ НАТО аумағының әр сантиметрін қорғайды. НАТО елдерінің біріне жасалған шабуыл – бұл альянсқа жасалған шабуыл", – деп басып айтты Байден.

Бұған дейін Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Шығыс Еуропаға жіберілген АҚШ әскерлері Украинадағы қақтығысқа қатыспайды деп мәлімдеген еді.