Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлемдеді.
ERNUR.KZ. Қытайда 2019-nCoV коронавирус жұқтырғандардың 2,1% қайтыс болды, деп жазады baq.kz.
Коронавирус жұқтырғандар саны көбейгенмен, Қытайда қайтыс болғандар саны өте төмен – бар болғаны 2,1%, – деді ол.
Бұл Эбола, таяушығыстық респираторлы синдром, атипиялық пневмония секілді аурулардың өлім көрсеткішінен әлдеқайда төмен.
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 425 адамға жетті. Ал шетелдерде 148 адам жұқтырған.