"Біреуі 19 жаста": Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды

0
893

Сотталғандардың бірі 19 жаста екені белгілі болды.


ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Таиланд азаматына шабуыл жасап, ақшасын тонағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жергілікті Daejeon MBC News телеарнасы мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Телеарнаның мәліметі бойынша, Тэджон соты екі заңсыз иммигрант - Қазақстан азаматтарын - 4 жыл және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Олар жезөкшелікпен айналысқан шетелдік мигрантқа шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Сотталғандардың бірі 19 жаста екені белгілі болды.

Былтыр желтоқсанда Тэджон қонақүйлерінің бірінде қазақстандықтар Таиландтан келген трансгендерге шабуыл жасап, миллион вон (350 мың теңгеге жуық) ұрлап кеткен және полицейлерге қарсылық көрсеткен.