Бірінші арна "Голос.Дети" байқауының қортындысын жарамсыз деп таныды

0
1 260

Group-IB ​компаниясы жүргізген тексеріс "Голос.Дети" ән байқауының финалында дауыстардың бұрмаланғанын анықтаған.


Бірінші арна

ERNUR.KZ. Group-IB компаниясы "Голос.Дети" ән байқауына қатысқан Микелл Абрамоваға автоматты түрде жаппай СМС хабарламалар жіберілгенін алдын ала тексеру барысында анықтаған - деп жазады РИА Новости, компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, 300 телефон номерінен 8 мыңнан аса хабарлама жіберілген. Дауыс беру кезінде хабарлама жіберушілер тарапында техникалық мәселелер туындап, жолданған СМС-тер "07 31: 2019-04-26 22:47:31", деген текстпен түскен", — деп мәлімдеді компаниядағылар.

Айта кету керек, байқауда Микелл Абрамова 07 номерімен өнер көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, алдын-ала тексеру қортындысы дауыс беру кезінде Ресейдің бір өңірі өте белсенділік танытқанын анықтаған. Алайда, компания өкілдері тексеру жұмыстары толықтай бітпегенше мағлұматтарды ашық жараияламайды екен. Ал, тексеру жұмыстары осы айдың соңына қарай аяқталмақ.

Алдын-ала тексеру нәтежиелерінен кейін Ресейдің Бірінші арнасы байқаудың финалындағы нәтежиені жарамсыз деп тану жайлы шешім шығарды. Телеарна 24 мамыр күні "Голос.Дети" байқауының арнайы санын эфирге шығармақшы. Ал, келесі маусымда дауыс беру жүйесін өзгертуді көздеп отыр.