Brit Awards - американдық «Грэмми» премиясының британдық баламасы.
ERNUR.KZ. Brit Awards музыкалық премиясының марапаттау рәсімі 18 ақпанда Лондонда өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Stormzy атты рэп орындаушы мен әнші Мейбл 2020 жылдың үздік британдық орындаушылары атанды, деп хабарлады ТАСС.
Ал «Үздік топ» номинациясын Foals тобы жеңіп алды.
Tyler, The Creator және Билли Айлиш үздік халықаралық әртіс атанды.
Хип-хоп әншісі Дэйвтің Psychodrama жинағы «Жыл альбомы» деп танылса, Льюис Капальди «Жыл әні» аталымын жеңіп алды.
Айта кетсек, BRIT Award 1977 жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Ол американдық «Грэмми» премиясының британдық баламасы болып саналады.