БҰҰ Ресей мен Украинаны Пасха уақытында бітімге келуге шақырды

0
661

Гуттериш БҰҰ-ның осы уақыт ішінде Мариуполь, Херсон, Донецк және Луганск қалаларына гуманитарлық көмек жіберуге дайын екенін айтты.


БҰҰ Ресей мен Украинаны Пасха уақытында бітімге келуге шақырды

ERNUR.KZ. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей мен Украинаны Пасха уақытында төрт күндік бітім орнатуға шақырды, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Бүгін мен Қасиетті аптада төрт күндік гуманитарлық үзіліс жасауға, яғни ұлы бейсенбіден бастап Пасха жексенбісіне дейін гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырамын", – делінген ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Гуттериш БҰҰ-ның осы уақыт ішінде Мариуполь, Херсон, Донецк және Луганск қалаларына гуманитарлық көмек жіберуге дайын екенін айтты.

"Мен барлық тараптарға менің үндеуімді қолдауды ұсынамын. Адам өмірін сақтайық. Қантөгісті тоқтатайық. Диалог жүргізіп, бейбітшілік орнатайық", – деді Бас хатшы.