Павлодарға жаңа трамвай вагондары жеткізіледі

0
134

Өңірде бірқатар қоғамдық көліктер жаңартылмақ.


Павлодарға жаңа трамвай вагондары жеткізіледі

Фото: pavon.kz

ERNUR.KZ. Павлодар облысының әкімдігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен 25 жаңа трамвай вагонын сатып алу туралы келісімге келген. 2025 жылдың жазында Павлодар облысына жаңа травмай вагондарының алғашқы легі жеткізіледі деп жазады inbusiness.kz.

Облыс орталығында маршруттық желіні кеңейту мақсатында 2025 жылдың жазында "Достық" жаңа шағын ауданына трамвай желісін салу басталмақ. Облыс орталығында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталған.

Аталған жоба 2027 жылы аяқталады деп күтілуде. Жаңашылдықтар легін, қоғамдық көліктерден де көруге болады. Соңғы екі жылда 218 автобус жаңартылған. Бүгінде облыстың үш қаласы 75-ға заманауи жоғары класты қоғамдық көліктермен қамтылған. Жыл соңына дейін өңірдегі жаңа автобустар саны 250-ге дейін жеткізіледі деп күтілуде.