БҰҰ Ресейдің Украинаның қалаларына жасаған шабуылын айыптады

0
417

БҰҰ бұл әрекетті "соғысты орынсыз өршіту" деп атады.


БҰҰ Ресейдің Украинаның қалаларына жасаған шабуылын айыптады

ERNUR.KZ. Ресей қарулы күштерінің Украина қалаларына зымыран шабуылдарын БҰҰ айыптады, деп жазады stan.kz.

Шабуыл азаматтық аудандарда құрылымдарды қиратып, ондаған адам қаза тауып, жараланды.

БҰҰ бұл әрекетті "соғысты орынсыз өршіту" деп атады. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның энергетика, әскери басқару және байланыс нысандарына жаппай соққы беру жоспары туралы мәлімдеп, егер Украина билігі Ресей аумағында шабуылдарды жалғастыруға тырысса, жауап қатал болады деді.

10 қазан күні таңертең Киев және Украинаның басқа қалаларына оқ атылды. 6 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шекті.