Қазіргі уақытта полицейлер аурухана аумағын қоршауға алып, атыс шығарды деген күдіктіні іздеп жатыр.
ERNUR.KZ. Белгісіз біреу Чехияның солтүстік шығысында орналасқан ауруханада атыс шығарып, салдарынан алты адам қаза тапқан. Бұл туралы Чехияның бірінші вице-премьері, ІІМ басшысы Ян Гамачек айтты, деп жазады Тengrinews.kz.
"Атыс салдарынан ауруханада күту залында отырғандар қаза тапты. Абырой болғанда, көп адам отырған жоқ. Бірақ бұдан бөлек жарақат алғандар бар. Қазіргі уақытта мен ІІМ басшысы мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен байланыстамын", - деді Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиш.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта полицейлер аурухана аумағын қоршауға алып, атыс шығарды деген күдіктіні іздеп жатыр.