Дәрігерлер "Омикрон штамынан" қорғану үшін не істеу керектігін айтты

0
785

Rg.ru жаңа штамм жұқпалы және тез таралады деп болжануда, әсіресе физикалық байланысқа түскенде қарқыны басым.


Дәрігерлер

ERNUR.KZ. АҚШ медициналық ұйымдары COVID-19 вакцинасының үдеткіш дозасы омикрон штамынан қорғануға көмектеседі, деп жазады Stan.kz.

Rg.ru жаңа штамм жұқпалы және тез таралады деп болжануда, әсіресе физикалық байланысқа түскенде қарқыны басым.

АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының басшысы Энтони Фаукидің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакциналау ағзаны омикрон штамымен бетпе-бет келгенде "үлкен артықшылық" бере алады. Шетелде мұндай вакцина үдеткіш деп аталады, Ресейде ол вакцинацияның бірінші циклынан кейін кем дегенде алты ай өткен соң жасалады.

Айта кетейік, өткен аптада Африканың оңтүстік елдерінде "омикрон" деп аталатын коронавирус штамы табылды. Негізгі белгілердің қатарына әлсіреу, жүрек соғысының жиілеуі, қызудың көтерілуі кіреді. Ал дәрігерлер аурудың барысын жеңіл деп бағалайды. Штамм Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияға еніп үлгерді. АҚШ пен Ресейде инфекцияның расталған жағдайлары әлі тіркелген жоқ.