Донецк пен Луганскідегі "референдумдар" өтті деп танылды

0
580

Халықаралық нормаға сай, егер халықтың 50 пайызы дауыс берсе, онда референдум өтті деп есептеледі.


Донецк пен Луганскідегі

ERNUR.KZ. ЛХР және ДХР-де өткен Ресей құрамына өту бойынша референдумдар мойындалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Луганск пен Донецкіде өткен сайлаушылардың дауыс беруінің үш күндік қорытындысы шықты. Сайлаушылардың дауыс беруі 76,09 және 77,12 пайызға тең болған.

Халықаралық нормаға сай, егер халықтың 50 пайызы дауыс берсе, онда референдум өтті деп есептеледі. Луганск Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Елена Кравченконың халықтың “76,09 пайызы дауыс берді деген дерек келтірді.