29 маусымда жағдайының нашар екенін айтқан соң ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтан ауруханадан тыс екі жақты пневмония анықталды. Ол емделу үшін сациионарға ауыстырылды, деп жазады sputniknews.kz.
"Атамбаев 29 маусымда өзін нашар сезініп, коронавирусқа тест тапсырды. Тест теріс нәтиже көрсетті", - деп хабарлады мемлекеттік комитет.
Сол күні дәрігерлер онлайн консилиум өткізіп "ауруханадан тыс екі жақты пневмония" диагнозын қойды. Артынша бұрынғы президентті стационарға емдеуге ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеу изоляторында байланыс орнатпай, шыны қоршаулар арқылы кездесулер мен қабылдаулар өткізу ұсынылғанын еске салды.
Ведомство кейінгі аптада Атамбаевтың бірнеше рет адвокатымен, туған-туысымен кездесіп, олардан қағаз және өзге де заттарды алып қалғанын айтты.
Комитет ұсынған деректерге сүйенсек, адвокат Замир Жоошевтан вирустық инфекцияның белгілері анықталған, ол Иссық-Ата ауруханасында жатқан жақын туысымен байланыста болған. Қазір ауру белгілеріне қатысты ем қабылдап жатыр.
Ал тергеу изоляторы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, барлық қызметкері тексеруден өтті, ведомство ешкімнен коронавирус табылмағанын хабарлады.
Айта кетейік, бұрынғы президент өткен аптада 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік марапаттарынан айырылды. Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысы бар деп айыпталған болатын. Сонымен қатар Қой-Таш ауылындағы атысқа байланысты үстінен қылмыстық іс қозғалды.