Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады.
ERNUR.KZ. Instagram қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтын болады, деп жазады tengrinews.kz.
"Бүгіннен бастап біз Instagram желісінде аккаунт ашатын адамдардан туған күнін сұрайтын боламыз", - делінген хабарламада.
Бұл мәлімет басқа қолданушыларға көрінбейді, тек Instagram желісін жетілдіру мақсатында пайдаланылады. Сондай-ақ, Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады.
"Осы жаңажылдықты қолданған адамдар өздері жазылмаған адамның историясы мен жазған хабарламаларын көрмейтін болады", - делінген хабарламада.
Instagram - әлеуметтік желі элементтері бары сурет және видео алмасуға арналған қосымша. Facebook компаниясына тиесілі.