Ер адам 5-қабаттан құлаған баланы қағып алды (видео)

0
2 166

Құлаған бала ауыр жарақат алған жоқ.


Ер адам 5-қабаттан құлаған баланы қағып алды (видео)

ERNUR.KZ. Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр ауданы Инин қаласында ер адам бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды ktk.kz.

Ер адам 5-қабаттан құлаған баланы аман алып қалды. Екі жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалған. Куәгерлердің айтуынша, егде жастағы адамдар баланы құтқаруға ұмтылған. Олардың ішінде жас жігіт бірінші болып жетіп үлгерді. Баланы 28 жастағы жігіт Тоник Тұрганбек құтқарды. Бала жігіттің үстіне құлады.

"Мен оған қарағанымда төменге құлап келеді екен. Оған тұра ұмтылып, қағып алдым. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Бір сәтке есімнен танып қалдым. Есімді жиғанда айналамда адамдар, полицейлер жүр екен", -- дейді Тұрғанбек.

Жігіт пен бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Ұл бала ауыр жарақат алған жоқ. Тұрғанбектің басы мен қолы жарақаттанып қалды.