Үлкен інісі кішісін жоғарыға итеріп, өзі су астына кеткен.
Оқиға британдық Камбрия патшалығында болды. Алсуотер көліне түсіп жүрген 65 жастағы Янек Коваль екі жігіттің суға батып жатқанын байқайды. Олар оның 21 және 18 жастағы екі інісі еді.
Коваль бірден көмекке ұмтылды. Үлкен інісі кішісін Ковальға итеріп, өзі су астына кетті.
"Мен уақытында жетіп үлгермедім. Екінші інім суға батып бара жатты", - дейді ол
Коваль үлкен інісі Брайкзелға бармай, кіші інісі Айкзелге көмектесті. Бұл оның өміріндегі ең қиын шешім болғанын айтады.
Ковальдің інісі шошынғандықтан өзін де, оған көмектеспек болған қызды да суға батыра жаздады.
"Мен 65 жасыма дейін өмірімде екінші рет суға батып бара жатырмын деп ойладым", - дейді ол.
Коваль Айкзелді бойжеткеннен босатып, сыртқа шығарды. Ауруханаға жеткізді. Ал, үлкен інісі Брайзелдің денесін 6 сағаттан соң сүңгуірлер тапты.