Ердоған үкімет құрамын 90%-ке жаңартты

0
677

Президент тағайындаған жаңа министрлердің көбісі Еуропа мен АҚШ-та білім алған.


Ердоған үкімет құрамын 90%-ке жаңартты

ERNUR.KZ. Күні кеше ұлықтау рәсімі өткен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды, деп жазады sputnik.kz.

Агенттіктің мәліметінше, жаңа министрлер кабинетінде бұрынғы құрамнан тек екі министр қалып отыр.

Қызметін сақтап қалғандар

Денсаулық сақтау, сондай-ақ туризм және мәдениет министрі өз орнын сақтап қалды. Денсаулық сақтау министрлігін 2018 жылдан бері басқарып, пандемия мен жер сілкінісі сынды сынақтан сәтті өткен Фахреттин Қожа қызметінде қалды.
55 жастағы туризм және мәдениет министрі Мехмет Нури Эрсой да қызметін жалғастыра береді.

Өзгерістер лебі

Түрік үкіметіндегі негізгі қызметтерге жаңа адамдар келді. Бұрынғы парламент депутаты Джевдет Йылмаз вице-президент болды.
Түркия сыртқы істер министрлігін бұған дейін Ұлттық барлау ұйымының (MİT) басшысы қызметін атқарған Хакан Фидан басқарады. Фидан бұл қызметте 9 жылдан астам министр болған Мевлют Чавушоғлұның орнына келді.
Қаржы министрлігінің басшысы да өзгерді – ведомствоны 2016-2018 жылдар аралығында министрлікте халықаралық байланыстарға жауапты болған бұрынғы вице-министр Алпарслан Байрактар басқаратын болды.
2019 жылдан бері Ыстанбұл провинциясының губернаторы қызметін атқарып келген Али Ерликая Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы болды. Ол сайлау науқаны кезінде АҚШ пен оның елшісін бірнеше рет сынаған Сүлейман Сойланың орнына келді. Өткен жылы Ыстанбұлда болған терактіден кейін ол Анкара Вашингтонның көңіл айтуын қабылдамайтынын мәлімдеген.
Қорғаныс министрлігін 2018 жылдың шілде айынан бері Қарулы күштер Бас штабының басшысы қызметін атқарған Яшар Гюлер басқарады.
2009-2015 жылдары Түркияның Қаржы және қазынашылық министрі қызметін атқарған Мехмет Шимшек осы ведомство басшысы ретінде қайта оралды.