Филиппинде ұшақ апатынан 8 адам қаза болды

0
646

Филиппин әуе қызметі аман қалған адамдар жоқ екендігін айтып отыр.


Филиппинде ұшақ апатынан 8 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Филиппиннің Манила қаласында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Әуе кемесінде сегіз адам болыпты, олардың төртеуі экипаж мүшелері, медбике, Канаданың бір азаматы мен бір АҚШ азаматы. Бұл Токиоға бет алған эвакуациялық ұшақ болыпты.

Куәгерлердің сөзінше, ұшақ жерден аспанға көтеріле бергенде жана бастаған. Филиппин әуе қызметі аман қалған адамдар жоқ екендігін айтып отыр.

Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс атқаруда.