Жер сілкінісінің эпицентрі Ньор мен Ля-Рошель қалаларының арасында орналасқан.
ERNUR.KZ. Францияның батысында магнитудасы 5,3-5,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан құтқарушылар Жаңа Аквитаниядағы шағын қалашықтардың бірінің тұрғындарын эвакуациялады, деп жазады stan.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ньор мен Ля-Рошель қалаларының арасында орналасқан. Бірнеше адам жарақат алып, 1100-ге жуық үй жарықсыз қалды. Ал Ля-Лэнь қаласында тұратын 500-ден аса адам толық эвакуацияланды.
Жер сілкінісінен үйлердің қабырғасы жарылып, кейбірінің шатыры құлаған. Соңғы рет магнитудасы 5 балдан жоғары жер сілкінісі елде 2019 жылы тіркелген екен.