Йемен жағалауында ішінде 55 адам отырған паром жоғалды

0
795

Паром Сокотраға қарай бағыт алған.


Йемен жағалауында ішінде 55 адам отырған паром жоғалды

ERNUR.KZ. Арал әкімшілігі коалицияға хабар берді. Сауд Арабиясының басшылығы да хабардар болды. Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады baq.kz.

Йемендік Эль-Махра провинциясы мен Сокотра аралының арасында қатынайтын паром радардан жоғалды. Ішінде 55 адам бар. Бұл туралы арал әкімшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Xinhuanet хабарлады.

"Паром Сокотраға қарай бағыт алған. Ол Эль-махра портынын шыққаннан кейін жоғалып кеткені туралы есеп алдық. Бортта 54 адам болған", - делінген мәлімдемеде.