Ғалымдар ойлап тапқан бұл пластик суға түскен жағдайда екі жыл ішінде ыдырайды.
ERNUR.KZ. Израильде биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик пайда болды, деп жазады 24.kz.
Өнімнің негізгі шикізаты планктоннан жасалады.
Қазір мұндай материалды кей елдер өндіруге кірісіп те кеткен. Алайда ол үшін алдымен өсімдікті жасанды ортада өсіру қажет. Ғалымдар ойлап тапқан бұл пластик суға түскен жағдайда екі жыл ішінде ыдырайды. Ал әдеттегі пластмассадан жасалған қапшықтың шіруіне кем дегенде жүз жыл қажет. Айта кетерлігі, БҰҰ-ның мәліметі бойынша ластанған су, нақтырақ айтқанда пластиктің салдарынан жыл сайын жүз мыңға жуық теңіз жануары өледі.