Түркияда зілзаладан соң кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр.
ERNUR.KZ. Бүгін Түркия уақытымен түнгі сағат 01:35-те Ақтеңізде және 01:45-те жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта зілзала тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Қахраманмараштың Дулкадироғлу ауданында 4 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі 7,18 шақырымға дейін жеткен.
Сонымен қатар Ақтеңізде де жер сілкінді. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Крит аралының оңтүстік шығысында түнгі сағат 01:35-те 4,2 балдық зілзала тіркелді.
Теңіз бетінен 7,23 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің эпицентрі Мугланың Датча ауданынан 240 шақырым қашықтықта екені анықталды.