Камчаткада екі рет жер сілкінісі болды

0
975

​Цунами қаупі жарияланған жоқ.


Камчаткада екі рет жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 30 тамызына қараған түні Камчатканың оңтүстік-шығысында Тынық мұхит жағалауында бірден екі жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Zakon.kz.



"Камчатка-информ" мәліметтері бойынша, елдімекендерде тіркелген жер асты дүмпулерінің күші туралы ақпарат берілмеген, сондай-ақ ешкім зардап шекпеген.

"Сағат 2:45-те тіркелген бірінші сейсмикалық оқиғаның жер асты ошағы Петропавл-Камчаткадан оңтүстік-шығысқа қарай 131 шақырымда Тынық мұхитында болып табылады. Магнитудасы 3,7-ні құрады. Жер сілкінісі ошағы теңіз түбінің астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. Сағат 2:54-те шамамен тағы осы аймақта 3,6 балдық жер сілкінісі болды, делінген хабарламада.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.

2024 жылы 27 тамызда Сочиден 33 шақырым жерде 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланған.