Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

0
1 215

Гипоцентр 56 шақырым тереңдікте болғаны айтылады.


Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының (ANAS) хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балл болған, деп жазады Stan.kz.


Су астындағы жер сілкінісі 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде болған.

Гипоцентр 56 шақырым тереңдікте болғаны айтылады.

Гипоцентр координаттары – 40°1′12″ солтүстік ендік, 51°42′0″ шығыс бойлықта.